Атырау облысының киокушинкай каратэ Федерациясының ұйымдастыруы мен «Геолог» спорт кешенінде жасөспірімдер және қыздар арасында чемпионат болып өтті.
Оған Маңғыстау, Атырау және де Батыс Қазақстан облысынан келген 5-15 жас аралығында 270 спортшы қатысты. Спортшылардың барлығы да жарысқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Түрлі салмақ дәрежелерінде жас ерекшеліктері бойынша сынға түскен каратэшілердің барлығы жеңістен үмітті. Жарыс нәтижесінде тек үздіктер марапатталды. Айта кетсек, Айшуакова Айгерим Кадирбекқызы дайындаған махамбеттік каратэшілер жоғары деңгейде жекпе-жекке шығып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Қашаубаева Нұрилла,Самат Шұғыла І орынға, Темірғали Сұлтан, Сабыржан Сабина, Ризабекқызы Ұлжан, Қабдол Айша, Кенжебек Асет, Абилтаева Эльвира ІІ орынға, Жақсылықұлы Зураб, Құсаинова Зульфия, Нұрланұлы Сүлеймен, Муса Медина, Бисешова Дильназ ІІІ орынға ие болды.
Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.