Саяси қуғын-сүргін құрбаны Өтеміс Избуловтың рухына арналған турнир өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Өтеміс Есболұлының рухына арналған 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық ашық турнир өтті. Турнирге жеті команда қатынасып, өзара мықтыны анықтады.

9eb4cf56-18cf-433b-9ac0-58eff8d16961

Жарыс қорытындысымен ІІІ орынды Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылының командасы жеңіп алса, ІІ орынды Исатай ауданының командасы иеленді. Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы турнир чемпионы атанды.

b89dbfe2-6dd8-4a54-a50e-524913882f74

Алмас Қайырғали «Үздік қақпашы», Әділбек Сатыбалды «Үздік жартылай қорғаушы», Алдияр Қабиболла «Үздік қорғаушы», Мансур Сәлімгерей «Үздік ойыншы», Нұрмұхамед Ержан «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды. Төрешілік еткен Жайлыбек Талғатұлы «Үздік төреші» болып танылды. Үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға диплом мен сыйлықтар берілді.

c60dbd56-8ffe-4e50-a8b3-aa49bf02e956

Марапаттау шарасына Өтеміс Есболұлының баласы Махамбет Избулов, аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылжан Қайырғалиев, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат Қабеновтер қатысып, футболшыларға толайым табыстар тіледі. Жүлдегер командаларға аудан әкімінің дипломы, кубок пен медальдар табысталды. Үшінші орын үшін болған кездесуде бейбарыстықтарға есе жіберген Атырау қаласы №3 спорт мектебінің командасына да алғыс хат табыс етілді.

 

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT