Алдағы жылы Махамбет ауданында бес ашық спорт алаңдары салынады

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылы Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл, Есбол, Жалғансай ауылдарына ашық спорт алаңдарын салу жоспарлануда. Олардың жобалық сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтті.

-Ауданда 3 спорт кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, 18 шағын футбол, 2 баскетбол, 2 тренажер алаңдары бар. Бүгінгі таңда спортпен шұғылданушылар саны 7431 адамға жетіп отыр. Қазір Қазақстан Республикасының VII Халық ойындарының облыстық іріктеу кезеңіне және ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындарын ұйымдастыру мен оларға қатыстыру жұмыстары жүргізілуде, деді аудан әкімі.

Р.Жанқылыш ауданда 9 кітапхана интернет желісіне қосылғанын да атап өтті.

Оның айтуынша, кітапханаларда оқырмандарға кез-келген ақпаратты тез әрі нақты тауып, дұрыс бағыт-бағдар алу үшін жаңа ақпараттық «WEB RABIS» технологиясы енгізілген.

Еске сала кетейік, ауданда 11 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 12 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бағытта бүгінгі күнге дейін 179 шара өткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT