«Атырау» спорт кешенінде «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен 1-10 сынып оқушылары арасында облыстық спорттық-интелектуалдық эстафета ойындары өтті.
Махамбет ауданы атынан Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің командасы қатысты. Эстафетаға қала және аудан мектептерінен, барлығы 9 команда қатысты. Екі күнге созылған сайыс қорытындысында Махамбет ауданы командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Команданы жоғары деңгейде дайындағандар: Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Әділ Шаеденов және дене тәрбиесі мұғалімі Салават Каримов.
Б.САПАРОВА