Пауэрлифтинг және армрестлингтен облыстық чемпионаты өтті

Жақында Атырау қаласы, «Балықшы» спорт кешенінде пауэрлифтинг және армрестлингтен облыстық чемпионаты өтті.

Жарыс тірек қимыл аппараты, есту қабілеті және көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында болды. Аталған жарысқа Махамбет ауданы атынан "Ер Жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысты.

j

Спортшыларды жаттықтырушысы М.Куангереев дайындаған. Чемпионат қорытындысы бойынша, жерлестеріміз барлық спорт түрлерінен жүлделі орындарды иеленіп қайтты.

Атап айтқанда армрестлингтен ерлер арасында 85 кг салмақ дәрежесінде (оң қол) Куангереев Мухадия І орынды,85 кг салмақ дәрежесінде (оң қол) Қанатов Айбар ІІ орынды жеңіп алды.

jarys180221-2

Ал 72 кг салмақ дәрежесінде Куангереев Мухадия І орынды, 55 кг салмақ дәрежесінде Кенжеғали Ақжол І орынға ие болды.

Сондай-ақ 65 кг салмақ дәрежесінде Кубайдуллин Әділет ІІ орынды, 65 кг салмақ дәрежесінде Қанатов Айбар ІІІ орынды жеңіп алды.

jarys180221-1

Армрестлингтен әйелдер арасында 55 кг салмақ дәрежесінде Арыкова Вера (ТҚАЗ) І орынды, 55 кг салмақ дәрежесінде Шагирова Гауһар (көз) І орынды алса, 80 кг салмақ дәрежесінде Шауминова Жәния (есту) ІІ орынға қол жеткізді.

Сонымен қатар пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде Кенжеғали Ақжол І орынды, 65 кг салмақ дәрежесінде Кубайдуллин Аділет ІІ орынды қанжығасына байлады.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521