Республикаға жолдама алды

Наурыз айының 28-30 күндері аралығында Атырау қаласында облыстық білім басқармасына қарасты дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен футзалдан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында мектеп оқушыларының облыстық лига біріншілігі ұйымдастырылды.

Аталған спорттық шараға Атырау, Құлсары, Қызылқоға, Мақат, Индер, Құрманғазы, Исатай және Махамбет аудандарының мектеп оқушыларынан құралған командалар бақ сынасты.

Ауданымыздағы Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы топтық ойындардан сүрінбей өтіп, жартылай финалда «Атырау» командасын 1:0 есебімен ұтты. Ақтық финалдық бәсекеде Құрманғазы ауданының командасымен тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде облыстық лига біріншілігінің чемпиондары атанды. Сондай ақ, республикалық додаға жолдама ұтып алды.

Б.Мәлікқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT