«Болашаққа –білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интелектуальдық ойындарының мектепке дейінгі мекемелер арасындағы облыстық біріншілігі болып өтті.
Сайысқа аудан атынан «Нұршуақ» бөбекжайының ересек топ бүлдіршіндерінен құралған «Барыс» тобы қатысып, жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады.
Топ жетекшілері дене шынықтыру нұсқаушысы Наргиза Бердекеева, тәрбиешілер Гүлсім Лұқпанова, Айкөркем Айдынғали бүлдіршіндерді дайындауда спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеп, әр баланың спорттық және интеллектуальдық қабілеттерінің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөліп отырды. Тынымсыз еңбек пен үздіксіз дайындықтың нәтижесінде кішкентай бүлдіршіндеріміз облыстық сайыста намысты қолдан бермей, 3 орынды иеленді.
Гүлназ Масалова ,
«Нұршуақ» бөбекжайының әдіскері.