Әсемгүл екінші орын иегері

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Атырау қаласында тірек қимыл аппараты зақымдалған жандар арасында шахматтан облыстық чемпионат өткен болатын.

Ауданнан қатысқан жеті спортшының арасынан Әсемгүл Габдуллина 1 орын иеленіп, республикаға жолдама алды. Ол наурыз айының 11-17 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында бақ сынап, жүлделі 2 орынмен оралды. «Ер жүректілер» спорт клубының жетекшісі әрі жаттықтырушысы Әсемгүлдің жеңісі ұжым мен аудан мерейі үшін үлкен нәтиже. Түрлі спорттық сайыстарда мерейімізді асқақтатып жүрген Әсемгүлдің әлі де биік белестерді бағындырарына сенеміз.

Мұхадия ҚУАНГЕРЕЕВ,

«Ер жүректілер» спорт клубының жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT