Құралайды көзге атқан Жансая І орын иегері

Индер ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде, ауданның 90 жылдығына және ардагер ұстаз Маулет Қарасаевты еске алуға орай ауданаралық әскери спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Оған Атырау қаласы, Махамбет, Мақат, Қызылқоға және Индер ауданының командалары қатысты. Махамбет ауданының намысын қорғаған Қ.Қалыбеков атындағы Cарытоғай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жансая Абдолла қыздар арасынан мылтық атудан І орынды иеленді. Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша Махамбет ауданының командасы ІІІ орынды қанжығаға байлады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT