Атырау қаласында облыстық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан мектеп оқушыларының облыстық лигасы өтті.
Оған Атырау-1, 2, Құлсары, Құрманғазы, Исатай, Махамбет ауданының құрама командасы қатысты. Топтық сайыстардан сүрінбей өткен ауданымыздың командасы жартылай финалға Исатай ауданының командасын 3:2 есебімен ұтып, ақтық финалдық бәсекеде Жылыой ауданының командасын 0:2 есебімен ұтқан еді. Сөйтіп, олар 2018 жылдың жеңімпаздары деген атаққа қол жеткізді. Аудан командасы Павлодар қаласында өтетін республикалық лигаға жолдаманы ұтып алған болатын. Алға қарай қаражат көздері қаралып жатса, республикалық лигаға қатысу көзделуде. Лиганың үздік ойыншылары болып, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің оқушылары Н.Оңайшиев, Д.Ғабдолажан танылды. Құрама команданы дайындаған жаттықтырушылар А.Альдешов, Ш.Мұханғалиев, Е.Андашев, Д.Құрмашев.