Қазақтың қос қызы Гран-При финалында белдесті

Абиба чемпион

Жылдың алғашқы бәсекесі қазақ дзюдосының тарихына алтын әріппен жазылды десек, артық айтқанымыз емес.

Себебі, алғаш рет әйелдер арасында екі қазақ дзюдошысы (48 кг) финалда күресті. Алтын үшін айқаста Әбиба Абужақынова тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаеваны ұтты.

Әбиба Абужақынова іріктеу кезеңінде аргентиналық Кейси Перафан мен сербиялық Андреа Стоядиновты жеңіп, жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда тәжірибелі израильдік Шира Ришонидің жауырынын жерге тигізді.

Ғалия іріктеуде әуелі француз Мелани Вьені, сосын америкалық Мария Селия Лабордені, ширек финалда испан Лаура Мартинес Абеленданы голден-скорда ұтқан. Ал жартылай финалда португалиялық Катарина Костаны жеңді. Екі дзюдошы голден-скорды қоса есептегенде 11 минут 14 секунд күресті. Осы орайда Ғалияның қайсарлығын ерекше атап өткен жөн.

Айта кетейік, дзюдодан Гран-При Португалияның Алмада қаласында өтуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT