Елена Рыбакина Australian Open-2023 финалында қарсыласына есе жіберді

Рыбакина

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалында дүниежүзілік рейтингіде 5-орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Алғашқы партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты. Белоруссиялық спортшы қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 4:4. Бұдан кейін Елена Рыбакина тағы бір брейкпен бірге өз геймін ала білді – 6:4.

Екінші партияда А. Соболенко брейкпен алға кетті – 3:1. Сосын өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте белоруссиялық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, А.Соболенко алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Бас-аяғы 2 сағат 29 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Е.Рыбакина 9 брейк жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 17 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Айта кетейік, Елена Рыбакина - Australian Open чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық әйел. Сонымен қатар, отандасымыз өткен жылдың жаз айында «Уимблдон-2022» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз