Махамбеттік волейболшылар тұңғыш рет ел чемпионатына қатысты

4-11 қаңтар күні Шымкент қаласында 2008-2009 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының волейболдан қысқы чемпионаты өтті.

Аталған біріншілікте Махамбет ауданының құрамасы тұңғыш рет өнер көрсетіп, Атырау өлкесінің намысын қорғады. Волейболшыларымыз жүлдегер атанбаса да, өңір мерейін үстем етіп, ауданның абыройын асқақтатты. Тартысқа толы кездесулер өткізген қыздар үшін бұл – үлкен тәжірибе алаңы болғаны анық.

– Қысқы чемпионатта волейболшы қыздарымыз жақсы ойын көрсетті. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихатталуына және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға мұндай турнирлер оң әсер етеді. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетеміз деген сенімдеміз,- деді жаттықтырушы Д.Әменов.

Ел біріншілігіне қатысқаннан кейін деңгейі жоғарылаған аудан құрамасы енді Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өтетін көктемгі ҚР чемпионатына дайындыққа кірісіп кетті. Жасөспірімдерді волейбол спортына жаттықтырып, түрлі додаларға апарып жүрген тренер Дәурен Әменов пен оның шәкірттеріне сәттілік тілейміз!

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT