Орманшылар күніне орай спорттық жарыс өтті

Орманшылар  күніне орай спорттық жарыс

Жақында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай кіші аяқ доптан және кір тасын көтеруден мекемелер арасында жарыс өтті.

Жарысты Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме КММ-сімен, Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Қатысушыларды Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Андашев, орман шаруашылығы мекемесінің аға шебері Берік Күзембай, аудан әкімі аппаратынан Саян Меденов және аудандық полиция бөлімі атынан Мирам Сақтапов құттықтап, сәттілік тіледі.

orman191020-4

Аталған жарысқа барлығы бес команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша кіші аяқ доптан І орынды аудандық өрт сөндіру бөлімі, ІІ орынды Махамбет аудан әкімдігі, ал ІІІ орынды аудандық полиция бөлімі командалары жеңіп алды.

orman191020-1

Кір тасын көтеруден 90 кг салмақта І орынды №11 өрт сөндіру бөлімшесінен Аханов Ержан, ІІ орынды аудандық полиция бөлімі Жәрдемов Батырхан, ІІІ орынды Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен Қайыржанов Асхабиден иеленді.

k

+100 кг салмақта І орынды аудандық полиция бөлімі Сақтапов Мирам, ІІ орынды №11 өрт сөндіру бөлімшесі Сұлтанов Әбілсейт, ІІІ орынды Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен Хасанов Ануар жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің медаль, мақтау қағазы, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521