Кіші аяқ доп жарысы өтті

Жуырда Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында кіші аяқ доптан 2004,2004,2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында  мектепішілік жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа жалпы саны 60-қа тарта футбол, дзюдо, бокс және баскетбол бөлімдерінің командалары қатысты.

Тартысты ойын қорытындысымен жүлделі ІІІ орынды «Бокс» бөлімі иеленсе, ІІ орынды «Футбол» бөлімі, ал жарыс жеңімпазы І орынды «Дзюдо» бөлімінің командасы жеңіп алды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Қабенов жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

Жарысқа қатысқан спортшыларға  арнайы диплом мен медальдар табысталды.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521