Аудандық спорт мектебінің балғын футболшылары екі жас ерекшеліктен чемпион атанды.
Жақында Атырау қаласында аяқдоптан 2005-2006,2007-2008,2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында "Арсенал" футбол мектебінің ұйымдастыруымен облыстық турнир өткен болатын. Ауданнан барлығы 34 бала қатысты.
Жарысқа қатынасқан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балғын футболшылары екі жас ерекшеліктен чемпион атанды. Ал төменгі жас ерекшеліктегі аяк допшылары жүлдели ІІ орынды иеленді.
- Алға қарай балалар футболын дамыту максатында ауданымызда мүмкүндігіне қарай көптеген бұқаралык шаралар ұйымдастыру және шеберліктерін шыңдап,көптеп чемпионаттар мен республикалык турнирлерге қатынасу қажет деп ойлаймын. Ол үшін дайындық мықты болу керек. Сонда ғана жетістіктеріміз көрінеді, –дейді Асқар Алдешов спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Футболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар: А.Алдешов,А.Идрисов және Ш.Муханғалиев.
«Жайық-Ақпарат»