Жалғансай орта мектебінде Маxамбет ауданының 90 жылдығына орай қазақ күресінен «Маxамбет Барысы» турнирі өтті.
Оған әр ауылдық округтерден сегіз палуан қатысып, кызыл кілем үстінде намысқа тырысып, бақтарын сынады. «Маxамбет Барысы - 2018» атағына Жалғансай ауылдық округі палуаны Нұржарас Байғабыл ие болды. Жүлделі ІІ орынмен Маxамбет ауылдық округі палуаны Дарын Жақсылықов, жүлделі ІІІ орынмен Маxамбет ауылдық округі палуаны Сүндет Қабешев марапатталды.