Атырау қаласында 12-14 қаңтар аралығында Атырау облысының командалық кубогі өткен-ді. Оған Атырау облысы мен қаласының, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Исатай, Мақат, Махамбет аудандарынан 8 команда қатысты.
Оған Атырау облысы мен қаласының, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Исатай, Мақат, Махамбет аудандарынан 8 команда қатысты. Махамбет ауданының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болған еді. Атап айтсақ, олар: мемлекеттік қызметшілер Қазбек Айтқалиев, Мұрат Ершиков, Жанна Мырзағалиева, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Диас Жексенбай, Аяна Ержан, Айдина Есенжан. Ұлдар арасында жүлделі ІІІ орынды Қазбек Айтқалиев, Диас Жексенбай(Қ.Ахмедияров о/м) иемденсе, қыздардан жүлделі І орынды Гүлжан Маженова, ІІ орынды Айдина Есенжан(Д.Төлнов м/г) иеленді. Облыстық іріктеуде І орын алған спортшылар 2018 жылдың 2-12 ақпан айында өтетін Қазақстан Республикасының командалық кубогіне жолдама алып, бақ сынайтын болады.
А.Қуанышқалиева.