Сүйінші ағайын! 13 қаңтар күні Ақтоғай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бастамасымен, округ депутаты Нұрқуат Досқайровтың ықпал етуімен ұзындығы мұз айдыны ашылды.
Газетіміздің алдыңғы сандарында аудандағы қысқы спорттың қарқыны төмен, жастар алаңсыз асыр салып ойнап, таза ауада демалып, коньки теуіп, шана сүйрейтін қауіпсіз орынның жоқтығын жазып, біраз үндеу салған едік. Енді соның нәтижесінде, 13 қаңтар күні Ақтоғай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бастамасымен, округ депутаты Нұрқуат Досқайровтың ықпал етуімен ұзындығы 40 м, ені 20 метрді құрайтын мұз айдыны ашылды. Алғаш рет ауыл оқушылары мен жастары арасында аудандық "Алтын шайба" ойыны ұйымдастырылды. Жастардың спортпен шұғылданып, қыс мезгілінде бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік жасаған ел ағаларына жергілікті тұрғындардың да алғысы шексіз. Қысқа коньки тепкен мұз айдыны жаз мезгілдерінде ролик алаңына айналады.
А.САТАЕВА.