Махамбет балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін Қазақ күресінен «Махамбет барысы» турнирі өтті.
Аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен турнирге он бір палуан қатысып, бақ сынады. Жүлделі ІІІ орын Махамбет ауылдық округінен Ақылбеков Азамат иеленді, ІІ орын Сарайшық ауылдық округінен Биржанов Ислам иеленді, І орын Махамбет ауылдық округінен Жақсымбетұлы Амантай иеленді. Қатысушылар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен турнирді 2016 жылдан бері үздіксіз өткізіп келеді.
Б.Сапарова.