Мемлекеттік қызметшілер садақ атудан сынға түсті

Бүгін Республика күніне орай, алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрі – Садақ атудан ашық турнир басталды.

Шараның ашылу салтанатында:

- Іс-шараның негізгі мақсаты – аталған мерекені өз дәрежесінде атап өту, мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық ойындарды жандандыру арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру және салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, - деген Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов сайыс мергендеріне сəттілік тіледі.

l

Тартысты өткен додаға мемлекеттік органдардан 13 команда, жалпы алғанда 40-қа жуық қатысушы (құрамы 2-ер, 1-әйел) белсене атсалысады. Қатысушылар 10-15 метр қашықтыққа нысананы көздеп, финалда мемлекеттік қызметшілер арнайы жасақталған нысананы атудан жарысады. Сайыста оқ бойы озғандар арнайы марапатталады. Ал, үздік ойын көрсеткен 2 ойыншы «Үздік жебе» номинациясына ие болады.

Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT