Ақтоғайлық дойбышылар жеңіспен оралды

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегилдиновтың 100 жылдық мерейтойы аясында дойбыдан ересектер, жастар, кадеттер және жасөспірімдер арасында Атырау облысының жекелей біріншілігі өтті.

Осы сайыста Ақтоғай орта мектебінен қатысқан 4 оқушы жүлдемен оралды. Біріншілікке Атырау қаласы, Жылой, Мақат, Ма¬хамбет ауданы бойынша 30 оқушы қатысты.

Тартысты өткен ой сайы¬сында 11-сынып оқушысы Равиль Базаров-І орын, 7-сынып оқушысы Нұрасыл Жедіғали-І орын, 5-сынып оқушысы Нұрай Жедіғали-І орын алса, ал 3-сынып оқушысы Арон Жетіғали-ІІ орыннан көрінді. Ауданымыздың абы¬ройын асқақтатқан кішкентай жеңімпаздарды дайындаған үйірме жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Сыдиховтың айтуынша, үйірмеге 12 бала қатысады екен. Облыстық жарысқа 5 ұл, 1 қыз бала қатысып, оның 4-і жүлделі орынға ие болған.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз