«Сардарлар» сапқа тұрды

Республика күні қарсаңында №41 мектеп-гимназиясында «Жаса мәңгі, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кеш өтіп, оқушылар  айтулы мерекенің мән-маңызын  ұғып, ерекше әсерге ие болды.

Алғаш сөз алған  мектеп директоры Қайырғали Азилов ел үшін орны бөлек мерекемен кеш қонақтарын құттықтап, оқушылар жырдан шашу шашты. Іс-шара аясында мектептегі  «Сардар» әскери патриоттық клубы мүшелері салтанатты түрде ант беріп, клуб құрамына қабылданды.

Кеш қонақтары  5546 әскери бөлімінің кинолог мамандары оқушылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Қызығы мен қиындығы мол әскери салаға қызығушылық білдірген жоғары сынып  оқушыларынан құралған әскери клубтың  телефонға телмірген бүгінгі ұрпақты тәрбиелеудегі ролі зор екені күмәнсіз. Салтанат Сансызбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз