Махамбеттік оқушылар – қысқы Гимназиаданың күміс жүлдегерлері

Спорт. Махамбет ауданы оқушылары

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2006-2008 жылғы мектеп оқушылары арасында қысқы спорт түрлері (шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, қысқы Президенттік көпсайыс) бойынша өткізілген облыстық оқушылар Гимназиадасы өз мәресіне жетті.

Шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, қысқы Президенттік көпсайыс Индер ауданында өтсе, шайбалы хоккейден жарыс Атырау қаласында өткізілді.

gimnaziada2

Гимназиаданың бағдарламасындағы спорт түрлерінің қорытындысы бойынша Махамбет ауданының Есбол, Қосарал орта мектептерінен жасақталған аудан құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынды жеңіп алды. Команда жетекшілері: Есбол орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері: Бертлеуов Қаржау мен Жексенгулов Ербол.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521