Махамбеттік каратэшілер ел чемпионатында атой салды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен каратэ-до кекушинкайдан Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің әр аймағынан келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысы 3 алтын, 4 күміс және 8 қола медальды қанжығаларына байлады.⠀

Каратэ-до кекушинкайдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Махамбет ауданындағы каратэ спортының негізін қалаушы Айгерім Айшуақова жаттықтыратын балғын спортшылар да ел чемпионатында атой салды. Жан-жақты, тыңғылықты дайындықтың және жаттықтырушы берген тапсырманы толық орындаудың арқасында 12-13 жас аралығында 45 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Аружан НҰРЖАЙЫҚҚЫЗЫ мен 14-15 жас аралығында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрилла ҚАШАУБАЕВА чемпион атанды.⠀ ⠀

545ca55b-a5f9-4675-a2a8-ab359e0ab3f2

Сондай-ақ 14-15 жас аралығында күш сынасқан Эльвира АБИЛТАЕВА 45 келіге дейінгі салмақта, ал 50 келіден жоғары салмақта Медина МУСА қола жүлдеге қол жеткізді.⠀ ⠀

Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының каратэ спортынан жаттықтырушысы Айгерім Қадірбекқызы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне ризашылығын білдіреді.⠀ ⠀

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT