Әлемдік додада топ жарған атыраулық кикбоксшыларға құрмет көрсетілді

"Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Италия елінде өткен әлем чемпионатында ел абыройын асқақтатқан кикбоксшылар мен олардың бапкерлерін және облыстық кикбокс федерациясының басшысын қабылдады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Италия төрінде көк Байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелеткен кикбоксшыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова - спорт үлкен жетістіктерге толы сала екендігін атап өтті.

"Өздеріңіздей намысты ұлдар жастарға үлгі. Біз сіздерді мақтан етеміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын" деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова. Қабылдау соңында Италия елінде өткен әлем біріншілігінің чемпионы Нұрсұлтан Жұмабаевқа, күміс және қола жүлде иелері Азамат Өтемісов пен Жандос Назарбековке облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Осындай марапат облыстың аға жаттықтырушысы Данияр Юсупов пен облыстық кикбокс федерациясының басшысы Рауан Досановқа тапсырылды.

c8f9add0-4f8c-4fa6-95da-7a33ecc43dae

Еске сала кетелік, 15-24 қазан аралығында Италияда кикбоксингтан әлем чемпионаты болып өтті. Тартысты бәсекеге әлемнің 65 елінен 1536 спортшы қатысты. Қазақстанның ұлттық құрама командасы сапында 38 кикбоксшы бақ сынасты. Тоғыз күнге созылған бәсеке нәтижесінде Қазақстан спортшылары 6 алтын, 1 күміс, 10 қола алды.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT