Махамбеттік каратэші қыздардың жеңісті жолы жалғасуда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Кит-Край" спорт клубының ашылу құрметіне орай Атырау қаласында каратэ-до кекушинкайдан балалар және жасөспірімдер қыздар арасындағы Батыс аймақтық ашық турнирі өткен-ді.

Турнирге Атырау, Орал, Жаңаөзен, Ақтау қалаларынан және Маңғыстау облысынан 300-ден астам  спортшы қатысты. Аталған турнирде Махамбет ауданының каратэшілері де табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

e704277c-2b1d-40fe-8948-9756821dbd9f
Махамбет аудандық каратэ-до кекушинкай клубының мүшелері, Жалғансай ауылының кішкентай спортшылары 1 алтын және 1 қола медальды қанжығаларына байлады. Атап айтқанда, 6-7 жас аралығында 20 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ілтипат Асхатқызы 1 орын иеленсе, Захида Сағынбай 3 орынға қол жеткізді.

Ал жоғары жас аралығында жекпе-жек өткізген қос спортшы, нақтырақ айтқанда 12-13 жас аралығында 40 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Шұғыла Самат пен 12-13 жас аралығында 40 келіге дейінгі салмақта Аряна Сәлімгерей барлық қарсыластарынан басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

82c4e644-9ebe-4dd8-8ad8-567ee784872d

Осылайша, Айгерім Айшуақова жаттықтыратын каратэші қыздар аудан, облыс намысын абыроймен қорғап, жан-жақты дайындықтың арқасында тағы бір белесті бағындырды.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT