Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан 2007-2009 жылы туған қыздар арасында қалалық ашық турнир өтті.
Сегіз команда қатысқан турнирде өз бақтарын сынаған Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің волейболшылары 2 орынды иеленді. Аудандық команда Ақжайық, Ортақшыл, Махамбет ауылының волейболшы қыздарынан құралды. Турнирдің бірінші орнын "Ракуш" командасы жеңіп алса, үшінші орын "Алғабас" командасына бұйырды.
Жүлдегер командаларға Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, кубок, медальдары табысталды.
Қ.БАҒЫТ