Спортты жанына серік еткендер
Желтоқсан айының 5-6 күндері Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Каратэ-до кекушинкайдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында Маңғыстау облысының ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа 250-ге жуық спортшы қатысып, мықты деген спортшылар жеңістұғырынан көрінді.
Махамбет балалар, жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының каратэшілері де жүлдеден тыс қалмады. Атап айтсақ, Аряна Салимгерей І орынды жеңіп алса, Ұлжан Ризабекқызы мен Айдан Нұрболқызы ІІ орынды иеленді, ал Шұғыла Самат пен Диана Габитжанова қола жүлдеге қол жеткізді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.
Өз тілшіміз