Ақтаудан қола бұйырды

Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында футзалдан облыстық ашық турнир өтті.

Осы аталған турнирге 12 команда қатысты. Топтық ойындарда ФК"Айдаров"(Ақтау),Акбөкен(Ақтау) және олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің командасынан басым түскен махамбеттик команда,ширек яғни 1/4 финалда НС"Клуб" командасын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

sport181220-1

Жартылай финалда "Жаңа өзен"(Академия) 0:1 есебімен ұтылған аудан футболшылары ІІІ орын үшін финалда Акбөкен(Ақтау) командасын ұтып, қола медалін жеңіп алды.

Жарыс жүлдегерлеріне арнай кубок, диплом және медальдар табыс етілді.

Балғын футболшыларды дайындаған жаттықтырушылар А.Алдешов, А.Идрисов, Ш.Мұханғалиев.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT