Ауданда волейболдан ашық турнир өтті

Жақында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі залында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған, ересектер арасында волейболдан аудандық ашық турнирі ұйымдастырылды.

Аталған жарысқа барлығы 7 команда қатысып, бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты - ауданда волейболды насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, ауданның мықты командаларын анықтау, волейбол бойынша аудан құрама командасын қалыптастыру.

Жарыстың жабылу рәсімінде Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Андашев Ержігіт сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.

sport71220-1

beksultan71220

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды "Ақтоғай" командасы жеңіп алса, ІІ орынды "Махамбет" командасы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды "Көктоғай" командасы қанжығасына байлады.

sport71220-2

Оқ бойы озық көрінген жүлдегер кубокпен және Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен марапатталды.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521