Махамбеттік дзюдошылар республикалық турнирден жүлделі оралды⠀

Желтоқсанның 1-3-і аралығында Ақтау қаласында КСРО спорт шебері Б.С.Ақшабаевты еске алуға арналған 2005-2006 және 2007-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан республикалық турнир өтті.

Турнирге Семей, Алматы қалалары, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарынан барлығы 600 спортшы қатысты. Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары да табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 2005-2006 жылы туған қыздар арасында 57 кг салмақ дәрежесінде белдескен Аделья Алмұратова 4 кездесу өткізіп, 3-еуінде жеңіске жетіп, тек финалда маңғыстаулық дзюдошыға есе жіберіп 2-ші орынды иеленді.

c4dca97e-6860-49d8-a2a9-6fa3c14d7872

Ал 2007-2008 жылы туған ұлдар арасында 35 кг салмақ дәрежесінде белдескен Бекзат Мұстағалиев 2-ші орынға ие болды. Бекзат финалға дейін 5 кездесуде жеңіске жетіп, тек финалда жеңіліс тапты.

Аделья мен Бекзат осы көрсеткіштері бойынша "ҚР спорт шеберіне үміткер" (КМС) спорттық атағын орындады. Дзюдошыларымыздың жаттықтырушылары: Маменов Амангелді мен Кабенов Асет.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521