Махамбет ауданында ардагерлер арасында жарыс өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ардагерлер арасында   үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті.

ac3b3a77-49dc-4326-abdb-e920a30cb4c2
Аталған жарыстың ашылу салтанатында ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сабиров, Махамбет ауданының Құрметті азаматы, самбо күресінен КСРО спорт шебері Ж.Сұлтанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Латифұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

b3b51b9e-e829-44dc-aff3-8bc955b80cc3

Жарыс қорытындысында  үстел теннисінен  І  орынды  Ермек  Сабиров иеленсе, Алға ауылынан келген Қабен Смағұл мен махамбеттік Нұрпейіс Мұхиденов екінші, үшінші орындарға жайғасты.

03832bf9-cfd8-4070-8b0e-311fd87ea9a8

Тоғызқұмалақтан бірінші орынды Алтын Қалишанова  жеңіп алса, шахматтан Жылқайдар Сұлтановқа тең келер ешкім болмады.

 57d1753c-f7ff-470b-be44-ab98877072de

Дойбыдан бірінші орынды таңдайлық Алданбай Қалмағанбетов, екінші  орынды Гүлбану Бейсембайқызы, үшінші орынды Марат  Сүйінішқалиев жеңіп алды. Жарыс  жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521