Балғын боксшыларымыз бабында⠀ ⠀

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Исатай ауданында бокстан 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

Турнирге Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой, Индер, Мақат, Исатай, Махамбет аудандарынан 150ге жуық  боксшы қатынасты. Аталған турнирде Махамбет аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары да жоғары нәтиже көрсете білді.

Атап айтқанда. І орынды Бауыржанұлы Қасым 32 кг салмақта, Серік Азат 42 кг салмақта, Қуанышев Ерқанат 34 кг салмақта, Әйіп Бекет 38 кг салмақта, Есенжанов Мирас 52 кг салмақта, Мағзомов Жігер 54 кг салмақта, Ибатолла Жарас +70 кг салмақ дәрежесінде жеңіп алды.

cf7235ca-ccb5-4a43-8400-8b03f3a6579a

ІІ орынды Манарбек Байназар 30кг салмақта, Қайратұлы Бейбарыс 36кг салмақта жеңді.

ІІІ орынды  Қуаныш Жігер 26кг салмақта, Ерсайын Саян 46кг салмақта, Қыдырбай Марсел 42кг салмақта, Болат Саят 44кг салмақта, Мәлік Бекзат 44кг салмақта жеңіп алды.

"Үздік боксшы" Бауыржанұлы Қасым атанса, "Үздік техникасы үшін" номинациясымен Қуанышев Ерқанат марапатталды. Турнирдің үздік төрешісі Торбаев Қалмұрат атанды.

- Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Шәкірттеріміз бірнеше мәрте облыстық, республикалық турнирлерге жолдама алып, топ жарып жүр. Бұл - қажырлы еңбек пен тыңғылықты дайындықтың жемісі. Ең бастысы әрбір кездесу шакірттерімізге үлкен тәжірибе береді,- дейді Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер  спорт мектебінің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Жәнібек Қапуанов.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521