Махамбет ауданында спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан, талай шәкірт тәрбиелеп, додаға қосқан Қоныс Ағелеуовты жергілікті жұрт жақсы біледі.
Ол ұзақ жыл мектепте дене шынықтыру пәнінен, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан, футболдан жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Жуырда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында шағын футболдан спорт жанашыларын еске алу турнирі өткен-ді. Бар ғұмырын спортқа арнап өткен азаматтар арасында Қоныс Сүйеуұлының да есімі аталды.
Дәстүрлі түрде Қоныс Ағелеуовті еске алу турнирі ретінде 2005 жылдан бері өтіп келе жатқан жарыс өткен жылы халықаралық мәртебе алды. Соған орай ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облысының спортына еңбегі сіңген барша азаматтың есімін ардақтауды мақсат тұтты.
45 жастан жоғары ардагерлер арасында өткен турнирдің бірінші орнын Оралдың «Галактион» командасы жеңіп алды. Аудан намысын қорғаған «Махамбет» командасы екінші орынға ие болса, үшінші орын «Орал» СК командасына бұйырды.
Турнирде үздік өнер көрсеткен ойыншыларға сан түрлі номинациялар табысталды. «Махамбет» командасының ойыншысы, Қоныс Ағелеуовтің алғашқы шәкірттерінің бірі Ерболат Олжабаев жарыстың «Үздік қақпашысы» атанып қана қоймай, «Үздік ойыншы» аталымымен де марапатталды. «Орал» СК командасының ойыншысы Махамбет Абугалиев «Үздік қорғаушы», Оралдың «Галактион» командасының ойыншысы Серік Мамбеталиев «Үздік шабуылшы»
Аталған турнирге махамбеттіктерден бөлек Атырау қаласының «Жайық», Жылыойдың «Құлсары» командалары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ