8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Индер ауданы Өрлік ауылында 2006-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында волейболдан облыстық ашық біріншілік өтті.
Біріншілікте 7 команда қатынасып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Махамбет ауданының намысын қорғаған "Қосарал" волейбол командасы жарыс жеңімпазы атанды.
Екінші орын Исатай ауданына бұйырса, Индер ауданы Көктоғай ауылдық округінің волейболшылары үшінші орынға ие болды.
Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан кубок, медаль мен диплом табысталды.