Махамбет ауданының волейболшылары – турнир жеңімпазы

Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде спорт ардагері, облыстық, республикалық жарыстарға қатынасушы Сүлеймен Құлжановты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасындағы облыстық ашық турнир өтті.

Турнирге облыстың 7 ауданынан, Атырау қаласынан және Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының командасы қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Аталған жарыста Махамбет ауданының намысын қорғаған Алға ауылының командасы турнир жеңімпазы атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT