Махамбетте өткен турнир алғашқы бапкердің рухына арналды

21-23 қыркүйек күндері аралығында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Анарбек Бисенғалиевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық ашық турнир өтті.

Анарбек Қибашұлы – ауданда алғашқы болып баскетбол үйірмесін ашып, шәкірт тәрбиелеуде, ауданның спорт саласын дамытуда өзінің зор үлесін қосқан тұлға.

Турнирдің ашылу салтанатына Анарбек Бисенғалиевтың отбасы, дос-жарандары, спорт саласының саңылақтары, әріптестері мен ағайын-туыстары қатысты. Шара барысында Махамбет аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Жайлашев, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Мажиев, ардагер спортшы Ж.Сұлтанов, А.Бисенғалиевтың жұбайы С.Бисенғалиева сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа Индер ауданы, Жылыой ауданының қос командасы және Жалғансай орта мектебі мен О.Шонаев атындағы Махамбет орта мектебінің спортшылары қатысты. Жарыс өте қызу  тартысты  өтіп, Жылыой мен Индер командалары жоғары деңгейде ойын  көрсетті. Аталған жарыс қорытындысымен І орынды О.Шонаев орта мектебі командасы, ІІ орынды Жылыой ауданы командасы, ІІІ орынды Индер ауданының М.Әуезов атындағы орта метебі командасы жеңіп алды. Турнирдің үздік номинациялары: Үздік шабуылшы Арсен Еркін (О.Шонаев орта мектебі), Үздік мерген Даниял Бақтығали (Индер ауданы), Үздік қорғаушы Нұрасыл Айтқали (Жылыой ауданы), Үздік төреші Фархат Нұрахметов атанды.

8c8c7e62-5ad8-49ac-aec0-844bea30c103

f566b62f-1f22-49cd-a446-146b67ed3265
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің медаль, диплом, кубоктарымен, жанұясы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT