16-18 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысында 50 жастан асқан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының спартакиада ойындары өтуде.
Футбол бәсекесінде Мағлұмат Кисметов бастаған Атырау облысының ардагерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Іріктеу кезеңінде Батыс Қазақстан облысын 1:0 есебімен жеңіп, Шымкент пен Қызылорда облыстарымен тең ойнаған. Нәтижесінде топтан бірінші орынмен шықты.
Жартылай финалда Қостанай облысын 1:0 есебімен ұтып, ақтық сында жергілікті командамен негізгі уақытта тең ойнап, пенальти сериясында есе жіберіп алды.