Махамбетте балаларға арналған спорт клубы әлі күнге дейін ғимаратсыз отыр

Балалардың денсаулықтарын нығайтып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен қатар әр түрлі спорт түрлеріне деген қабілеттерін дамыту мақсатында 2015 жылы «Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің осыдан жеті жыл бұрын құрылған «Балалар жасөспірімдердің  дене шынықтыру даярлық клубының» әлі күнге өз алдына ғимараты жоқ, оқушылар мектептердің спорттық залында жаттығып келеді.

Алғашқыда спорттың 5 түрінен 257 оқушы қабылдап, 8 жаттықтырушымен жұмысын бастаған клубтың қазіргі таңда аясы кеңейді.

 Биылдың өзінде клуб футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, бокс, жеңіл атлектика, каратэ, тоғызқұмалақ, теннис, шахмат сынды спорт үйірмелеріне барлығы 633 бала қамтыды.

63b1f81c-088a-4d61-bb5d-0aec0a052df5

«Балалар жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы» директорының уақытша міндетін атқарушы Самат Жайлашевтың айтуынша, Еңбекшіл және Ақтоғай ауылындағы білім ордаларынан басқа аудан мектептеріндегі спорттық үйірмелердің жұмысы жалғасуда.

« Мамыр айында пайдалануға берілген жаңа спорттық кешенді «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының» теңгеріміне алу мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Оң шешімін тапса балалар заман талабына сай салынған жаңа кешенде жаттығатын болады» дейді  Самат Жайлашев.

Өткізіліп жатқан жарыс көп, алайда оның барлығына бірдей қатысуға клуб балаларында мүмкіндік бола бермейді екен.

«Себебі, жарысқа қатысушы әр баланың жастар орны мен ішер асына кететін шығындарға бізде қаржы жеткіліксіз болып қалады. Мәселен, бір спорт түрінен үш жас ерекшелігіне орай 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сыныптарының оқушыларынан жасақталған ұлдар мен қыздар командаларындағы жалпы бала санын есептей беріңіз.

Оқушылардың жарыста бақ сынауға талпыныстары жоғары болғанымен, қаржы тапшылығы қолбайлау  болып тұрғаны ащы да болса шындық, - дейді «Балалар[1]жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы» директорының уақытша міндетін атқарушы Самат Жайлашев.

a7633bbe-914a-416e-8777-745b3556fd54

Жыл сайын өтетін түрлі деңгейдегі жарыстарда оқушылар өздерінің жоғары жетістіктерімен қуантып келеді. Қаңтар[1]наурыз айларында даярлық клубының тәрбиеленушелері X жазғы облыстық спартакиадасы мен облыстық оқушылар лигасына қатынасып, волейбол, футбол, гандболдан жүлделі орындарды иеленді.

Сондай ақ, каратэ-до кеку шинкайдан 4 оқушы, бокстан 1 оқушы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер нормасын орындады. Балалар жылына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан өткен аудандық турнирге 23 оқушы қатынасып, жеңімпаздар облыстық турнирде өнер көрсетті.

 

Балнұр Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT