Атыраулық спортшы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астанада дзюдодан ересектер арасында Азия чемпионаты өтуде. 48 келіге дейінгі салмақта атыраулық Абиба Әбужақынова өнер көрсетті.

Бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линнен (Тайпей) басым түсті. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатарды (Моңғолия) ұтты.

Шешуші жекпе-жекте оған Жапониядан келген Вакана қарсы тұрды. Қарсыластар белсенділік пен күрестің жоғары жылдамдығымен ерекшеленді. Алтын медальдың тағдырын Кога жасаған бір тиімді әдіс шешті. Абужақынова турнирді "күміспен"аяқтады.

296434688_3375401002680267_8831009452639651484_n

Айта кету керек, Абиба 2021 жылы Қырғызстан елінде өткен Азия чемпионатында да күміс жүлдегер атанған болатын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT