Қазақстан дзюдошылары командалық жарыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қола медаль үшін отандық команда Өзбекстан құрамасымен кездесіп, бақ сынасты, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
Тартыс шиеленісті өтті. Шешуші жекпе-жектің алдында есеп 3:3 болды.
Одан кейін командамызға Камила Берликаш жеңіс сыйлады, оның қарсыласы алған жарақатына байланысты татамиге шықпады.