Махамбет ауданының футболшылары республикалық турнирден олжалы оралды

Ақтөбе қаласында 15-18 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай футболдан 2008-2009 және 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы турнирге Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Хромтау қалаларының және Ақтөбенің Әйтеке би ауданы мен Атырау облысы, Махамбет ауданының аяқ доп шеберлері қатысты. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жасөспірімдерінен құралған команда республикалық турнирдің чемпионы атанды.

Жарыстың "Үздік қорғаушысы" болып О.Шонаев атындағы орта мектебінің оқушысы Олжас Мейрамұлы танылды. Ал 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ала доп бәсекесінде Жаңаөзен, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Ембі қаласы мен Байғанин, Мақат, Индер, Махамбет аудандарының командалары өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.

Аудан намысын қорғаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас өрендері турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді. Турнирдің "Үздік қақпашысы" аталымымен Қосарал орта мектебінің оқушысы Алмас Қайырғали марапатталды. Футболшыларды республикалық турнирге дайындаған жаттықтырушылар: Адилет Идрисов және Асқар Алдешов.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521