Махамбет ауданының волейболшылары Ақтаудан қола жүлдемен оралды

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өткен ардагер спортшы Наталья Вахтинаны еске алуға арналған 2006-2008 жылы туған жасөспірім қыздар арасында батысаймақтық турнирде Махамбет аудандық балалалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысып, ІІІ орынды иеленді.

Барлығы 12 команда бақ сынаған турнирде Жаңаөзен командасы чемпион атанса, Ақтау қаласының командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Махамбет ауданы құрамасының ойыншысы Айнұр Мұратова турнирдің "үздік ойыншысы" болып танылды.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521