Атыраулық спортшыларға ДАН дәрежесі табысталды

Бүгін атыраулық жас спортшыларға таеквондодан ІІ ДАН дәрежесі табысталды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шараға спортшылармен қатар, бапкерлері, ата-аналар қатысты.

-Мен бұл спорт түрімен 8 жасымнан бері қатысып келемін. Бұған дейін І ДАН дәрежесі мен «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын алған болатынмен. Мұның бәрі жаттықтырушыларымның еңбегі деп білем. Баркерлеріме алғысымды айтамын, деді Райымбек Бақтығали.

Ал, Халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер, таеквондодан ІV ДАН иегері Асқар Тоқтабаев өңірдің жастарын аталған спорт түріне баулуды өзіне парыз санайды.

-Облыстың жастарын бұл спорт түріне тәрбиелеуді өзіме міндет етіп қойдым. Өйткені, дені сау, өзін кез-келген ортада еркін ұстай алатын, тәрбиелі, шымыр балалардың көп болуы – Отанымызды қорғауда да аса қажет екені түсінікті. Сондықтан, жастарымыз оқудан тыс мезгілде уакыттарын босқа жоғалтпай, спортпен шұғылданғанын қалаймын, деді А.Тоқтабаев.

Сонымен қатар, іс-шарада бапкерлері Қызылорда қаласында өткен Мұсахан Қалмаханов атындағы халықаралық турнирда жүлделі орын алған таеквондошыларды құттықтады. Олардың қатарында Әлібек Тоқтабаев, Әмина Айтмағанбет, Дәурен Салиханов, Нұрсәуле Теміртасов, Муслима Жақсылық бар.

Жалпы таеквондо (WTF) спорты Қазақстанда 1991 жылдан бастау алды. Оның негізін қалаған халықаралық шебер, қара белдіктің 6-шы дан иегері Мұстафа Өзтүрік болса, сол жылы Атырау облысында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Қабибек Мұхитовтың бастамасымен ашылған спорт түрі болатын. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алғабас мөлтек ауданындағы спорт мектебінде 700-ден астам жасөспірім спорттың әр түрімен шұғылданады. Ал, таеквондо бойынша 1 спорт шебері, 15 спорт шеберлігіне үміткер осы мектепте жаттығуда. Сондай-ақ, бұған дейін ІІ ДАН иеленген 5 жасөспірім болса, бүгін тағы 4 спортшы аталған дәрежеге жетіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT