Спорт жанашыры Марат Аменовты еске алуға арналған батысаймақтық турнир өтті

8-10 мамыр күндері аралығында ауыл спортының жанашыры, білім беру саласының үздігі Аменов Марат Калабайұлын еске алуға арналған волейболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы батысаймақтық турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қайырғалиев Асылжан Саматұлы, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қабенов Абат Құмарұлы сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.

b9e11c46-6920-4c87-a518-1bb1b93d5394

Аталған жарысқа Ақтау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Жылыой, Исатай, Махамбет аудандарынан және Атырау қаласынан барлығы 16 команда қатысты.

Жарыс қорытындысымен І орынды Атырау қаласы, ІІ орынды Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ІІІ орынды Маңғыстау (Ақтау қаласы) жеңіп алды

Турнирдің үздік номинациялары: Үздік байланыстырушы - Жубаниязова Жайнар (Ақтау қаласы);  Ғалымжанова Наргиз (Атырау қаласы);

Үздік шабуылшы - Зиноллаева Диана (Атырау қаласы); Тұрдыбай Сандуғаш (Атырау қаласы);

Үздік қорғаушы- Ақтұрлан Құралай (Махамбет ауданы); Елеш Жайнар (Махамбет ауданы);

Үздік ойыншы - Шадкам Наргес (Ақтау қаласы); Онғарбаева Ақжайық (Атырау қаласы).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің медаль, кубок және үздік ойыншылар сыйлықтарымен марапатталды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT