Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі қола жүлдеге қол жеткізді

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ЖОО студенттері арасында қазақ күресінен батыс аймақтық «Жәңгір хан» кубогіне арналған жарыс өтті.

Бұған дейін дәстүрлі түрде БҚО-дағы жоғары оқу орындарының арасында ұйымдастырылып келген жарыс биыл алғашқы рет батыс аймақтар деңгейінде жалғасын тапты.

905cc9e9-a079-4fa3-904d-e31b43613602

Жеті жоғары оқу орнының командалары қатысқан жарыста Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенті Алишер Балабаев 74 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қола жүлдеге ие болды. Ол төрт спортшымен күресіп, 3-еуінде жеңіске жетті.

Әсет Қабеновтың қол астында жаттығатын Алишер өнер көрсеткен Х.Досмұхамедов атындағы университеті жалпыкомандалық есепте жеті команданың арасынан ІІ орынды жеңіп алды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT