Махамбет ауданының боксшылары республикалық турнирде жеңімпаз атанды

31 қазан – 4 қараша күндері аралығында Атырау облысы Құрманғазы ауданында еліміздің Гимні авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтың рухына арналған бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирі өтті.

Аталған турнирге Өзбекстан, Ресей Ферерациясы елдерінің, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал, Атырау облыстарының командалары, барлығы 230 боксшы қатысып, бақ сынады. Аудан намысын қорғаған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

b

– 74 кг салмақ дәрежесінде І орынды Мансур Айтжанов (Е.Ағелеуов орта мектебі);

– 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Дарын Төлеген (А.Байтұрсынұлы орта мектебі);

– 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Ислам Тургалиев (Қызылүй орта мектебі);

– 40 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Арсен Ибатолла (Е.Ағелеуов орта мектебі);

– 52 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Саян Ерсайын (Д.Төленов мектеп гимназиясы);

– 48 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Бекзат Малик (О.Шонаев орта мектебі);

– 38 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Бейбарыс Қайратұлы (Е.Ағелеуов орта мектебі) жеңіп алды.

Осы жарыста жүлделі орынға ие болған спортшылар «Спорт шеберіне үміткер» атанды. Жаттықтырушылары: Қалмұрат Торбаев, Жәнібек Қапуанов, Мейірлан Қайрош.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT