Турнирге Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 14 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2008- 2009 жылғы жасөспірімдер арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Балалар жылына орай өткен жарыстың басты мақсаты – балалардың спортқа деген бейімділігін арттыру.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысымен Махамбет ауданының командасы жеңімпаз атанды. Атырау қаласының «Ракуш» командасы екінші, Ақтоғай ауылының командасы үшінші орынды иеленді.
Сонымен қатар сайыста үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды: «Үздік шабуылшылар» – Анель Жұмажан («Құлсары») мен Тұмар Нұрым («Ақтоғай»), «Үздік қорғаушы» – Ұлпан Мұхтар («Құлсары»), «Үздік байланыстырушы» – Әсем Серік (Орал қаласы, «Жалын» командасы). Турнирдің «Үздік ойыншысы» болып «Махамбет» командасының ойын¬шысы Құралай Ақтұрлан танылды. Жүлдегерлер мен үздік ойыншыларға ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің атынан диплом, медаль, кубоктарымен қоса кәдесыйлар да ұсынылды.
Қ.БАҒЫТ