Атырауда қазақ күресінен ІV республикалық турнирі өтті

Атырауда 25 қазан Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған Мәлік Сүлейменов атындағы ІV республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Төртінші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 облысынан 100-ге жуық балуан қатысты.

Турнир нәтижесі бойынша 55 келіде атыраулық Жәнібек Телман жеңімпаз атанды. Қарағандылық Бердібек Үмбетхан күмісті қанжығасына байласа, Бекет Жүніс қоланы қанағат тұтты.

Орта салмақта Шымкент балуаны Жұмахан Қожымбеков алтыннан алқа тақты. Қарағандылық Дидар Нықыш екінші орынды иеленсе, атыраулық Қожа Ахмет Хамит үздік үштікті түйіндеді.

Ал, 100 келі салмақта атыраулық Сұңғат Закарияев үздік шықса, қарағандылық Оңғар Уатхан күміс медальды иеленді. Маңғыстаулық спортшы Айдос Хақназаров қола жүлдені місе тұтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT